Қала тұрғындары мен қонақтары үшін цифрлық қолжетімділікті арттыру мақсатында орталық алаңда тегін Wi-Fi желісі іске қосылды. Бұл бастама заманауи технологияларды енгізу арқылы қоғамдық кеңістіктердің қолайлылығын арттыруға бағытталған.
Жаңа интернет желісі Starlink спутниктік байланыс технологиясы арқылы қамтамасыз етілген. Аталған жүйе дәстүрлі интернет желілеріне балама ретінде жоғары жылдамдықты, тұрақты әрі кең ауқымды байланыс ұсынуға мүмкіндік береді.
Енді орталық алаңға келушілер:
– әлеуметтік желілерді еркін пайдалана алады;
– бейнематериалдар көріп, түрлі контент жүктей алады;
– онлайн оқу мен қашықтан жұмыс істеуге қолайлы жағдайға ие болады.
Жобаның басты ерекшелігі – интернеттің спутник арқылы таратылуы, бұл өз кезегінде байланыс сапасын арттырып, пайдаланушылар саны көп болған жағдайда да жылдамдықтың төмендемеуін қамтамасыз етеді.
Тегін Wi-Fi желісі қаланың орталық алаңында қолжетімді. Бұл қоғамдық кеңістікте уақыт өткізетін тұрғындар үшін цифрлық қызметтерді пайдалануға қосымша мүмкіндік береді.
Сонымен қатар, алдағы уақытта тегін интернет желісін қаланың басқа да маңызды орындарында кезең-кезеңімен енгізу жоспарланып отыр. Атап айтқанда, жақын арада оқушылар алаңында да Wi-Fi орнату көзделуде.
Жоба қала инфрақұрылымын дамытуға, тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыруға және цифрлық теңдікті қамтамасыз етуге бағытталған маңызды қадамдардың бірі болып табылады.




