Әрбір қазақстандық eGov Mobile арқылы қатыса алады.
25 қыркүйек күні сағат 12:00-де Қазақстанда алғашқы атом электр станциясына ең үздік атау беру бойынша бүкілхалықтық конкурс басталды.
Опрос eGov Mobile мобильді қосымшасында өтуде. Басты бетте «АЭС атауын ұсыныңыз» деген баннер орналастырылған, сондай-ақ пайдаланушыларға конкурс басталғаны туралы пуш-хабарлама жіберілді.
Иницатива мақсаты – болашақ станцияға тарихи, мәдени және ұлттық маңызы бар атау таңдау.
Қатысу үшін қажет:
• тілді таңдау (қазақ немесе орыс);
• өз нұсқаңызды ұсыну;
• атаудың мән-мағынасын қысқаша түсіндіру (міндетті емес);
• конкурс ережелерімен танысқаныңызды растау.
Ұсыныстар 2025 жылдың 10 қазаны сағат 23:59-ға дейін қабылданады.
Конкурс ережелерімен Атом энергиясы жөніндегі агенттіктің ресми сайтында және ведомствоның әлеуметтік желілерінде танысуға болады.
Ұйымдастырушылар ел азаматтарының барлығын еліміздің энергетика тарихына үлес қосып, Қазақстандағы алғашқы АЭС-ке атау ұсынуға шақырады.