Қазақстанда жасанды интеллектке қатысты жаңа заң қабылданды 🇰🇿🤖

Жаңалықты бөлісіңіз:

Қазақстанда жасанды интеллектке қатысты жаңа заң қабылданды 🇰🇿🤖

 

Президент «Жасанды интеллект туралы» заңға қол қойды. Енді ЖИ жүйелері ресми түрде ақпараттандыру нысаны ретінде танылып, олардың жұмысына қатысты нақты ережелер енгізілді.

 

✔️ Әділеттілік, ашықтық, деректерді қорғау

✔️ Қауіпсіздік пен сенімділік

✔️ Пайдаланушылардың жауапкершілігі

 

Ең маңыздысы — манипуляциялық немесе заңсыз жолмен жеке деректерді жинайтын қауіпті ЖИ жүйелерін жасауға тікелей тыйым салынды.

 

Сонымен қатар, жасанды интеллектпен жасалған тауарлар мен қызметтер міндетті түрде таңбаланады, яғни азаматтар қандай контентті машина жасағанын көре алады.

 

Ұлттық ЖИ платформасын дамытуға да құқықтық негіз жасалды — бұл саладағы отандық жобаларға үлкен мүмкіндік.

 

Заңның ресми мәтіні жақын арада жарияланады.

By admin

Related Post

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *