ҚР Қорғаныс министрлігі Армия орталық спорт клубының спортшысы қатардағы жауынгер Қадырбек Шынбаев 70 келіден аса салмақ дәрежесінде ересектер арасында аралас жекпе-жектен өткен Азия чемпионатының алтын медалін жеңіп алды.
Қытай Халық Республикасының Сычуань провинциясы, Лучжоу қаласында өткен дүбірлі додаға 19 елден 200-ге жуық спортшы қатысты.
Қадырбек бұл сында Моңғолия, Қытай, Қырғызстан және Тәжікстан спортшыларын сенімді түрде жеңді.
– Қарсыластарым мықты болды. Тәжірибелері де жеткілкті. Әр жекпе-жек ерік-жігер мен күш-қуатты талап етті. Әйтсе де, жеңіс тұғырынан көрініп, көк байрағымызды желбірету үлкен абырой болды, – деді чемпион.
Қадырбек Шынбаевтың халықаралық арендағы бұл жетістігі әскери спорттың жоғары әлеуетін тағы бір дәлелдеді. Турнир алдағы Азия ойындарына іріктеу кезеңі болып саналатынын да айта кету керек. Ал жарыстар бағдарламасына ММА алғаш рет енгізіліп отыр.

Поделиться
Похожие статьи

Новости
Волонтерлердің белсенділігі мен экологиялық мәдениетті конституциялық тұрғыда тану дамудың тұрақты моделін қалыптастырады – Вера Ким

Новости
Әділ еңбек, қауіпсіз жұмыс, әділ ақы: Максим Рожин жаңа Конституцияның маңызды тұсын атады

Новости
Айгүл Сәдуақасова: Конституция – адами капитал мен зияткерлік дамудың құқықтық іргетасы

Новости