Сиань қаласында ҚР Бас консулдығының қолдауымен Ұлытау облысы мен Шэньси провинциясы арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық форумы өтті.
Жоғары деңгейдегі келіссөздер жүргізу, өзаратүсіністік туралы меморандумдарға қол қою және екі жақтың стратегиялық серіктестігін нығайтуға бағытталған.


Іс-шараға Ұлытау облысының әкімі, мемлекеттік органдар өкілдерінен құралған Ұлытау облысының делегациясы, сондай-ақ қытайлық және қазақстандық компаниялардан 100-ге жуық өкіл қатысты.
Форум аясында Ұлытау облысының инвестициялық әлеуеті, ынтымақтастықтың негізгі бағыттары және өңірдің перспективалы инвестициялық жобалары таныстырылды.
Өнеркәсіпті, тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды және агроөнеркәсіптік кешенді дамытуға ерекше назар аударылды.
Сондай-ақ, G2B және B2B форматтарында кездесулер өтті.
Форум қорытындысы бойынша жалпы құны 12.5 миллиард теңгені құрайтын ынтымақтастық туралы 6 меморандумға қол қойылды.
Құжат келесі бағыттар бойынша бірлескен жобаларды іске асыруды көздейді:
* Жезқазған, Сәтбаев және Қаражал қалаларындағы тұрғын үйлерді қайта жаңғырту;
* металлургиялық шлактарды қайта өңдеу;
* сүт-тауар фермасын салу.
Ұлытау облысының әкімі өңірдің жоғары инвестициялық әлеуетін және халықаралық ынтымақтастыққа ашықтығын атап өтті:
«Біз инвесторлар үшін қолайлы жағдай жасауға дайынбыз. Бүгіннің өзінде бірқатар компания Ұлытау облысы аумағында инвестициялық жобаларды іске асыруға дайын» — деді өңір басшысы.




