«Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» жалпыұлттық коалициясы өз жұмысын қаламыздағы №27 жалпы білім беретін мектептің қабырғасында жалғастырды.
Кездесу барысында коалиция мүшелері ашық диалог алаңында пікір алмасты. Жиында Конституциялық реформалардың маңызы, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, әлеуметтік әділеттілік пен прогрессивті даму қағидаттары кеңінен талқыланды.
Қатысушылар өз ұсыныстары мен бастамаларын ортаға салып, ел болашағына бейжай қарамайтындықтарын көрсетті.




