Қазақстан Республикасының Президенті жыл сайынғы Жолдауында еліміздің әлеуметтік-экономикалық, саяси және мәдени дамуындағы басым бағыттарды айқындайды. Бұл құжат мемлекетіміздің алдағы бір жылға емес, ұзақмерзімді болашағына арналған нақты жоспарлардың көрінісі болып табылады.
Биылғы Жолдауда халықтың әл-ауқатын арттыру, әділетті экономикалық жүйе қалыптастыру, цифрландыруды күшейту, кәсіпкерлікті дамыту, әлеуметтік қолдауды жетілдіру сынды мәселелерге ерекше мән берілді. Сонымен қатар:
Білім беру жүйесін жетілдіру
Денсаулық сақтау сапасын арттыру
Жастарға жағдай жасау
Экологиялық тепе-теңдікті сақтау
Аймақтар арасындағы даму теңдігін қамтамасыз ету
сияқты салалар басты назарға алынды.
Жолдау – мемлекеттік органдар үшін бағдарлама ғана емес, әрбір қазақстандық үшін өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған нақты қадамдардың жиынтығы.