Қазақстан — бейбітшілік пен келісімнің үлгісі
2025 жылы Астанада өткен Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VIII съезінде Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің дінаралық және этносаралық келісімдегі тәжірибесі, адам капиталын дамытудағы стратегиялық бағыты және қоғамдағы тұрақтылықты сақтау жолындағы ұстанымдары туралы маңызды мәлімдемелер жасады.
🕊️ Бейбітшілік пен келісім — тұрақты дамудың негізі
Қазақстанның этносаралық және дінаралық келісімді нығайтудағы тәжірибесі әлемге үлгі боларлық.
«Қазақстанның этностық әрі діни толеранттық моделі – “Бірлігіміз – әралуандылықта” қағидатына сүйенеді»
— Президент Қ. Тоқаев
🛡️ Заң мен тәртіп — қоғам тұрақтылығының кепілі
«“Заң және тәртіп” тұжырымдамасы негізінде қоғамның тұрақтылығы мен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге ішкі саясатымызда ерекше мән беріледі»
— Президент Қ. Тоқаев
Бұл бағыттағы саясат елімізде бейбітшілік пен әлеуметтік әділеттілікті қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарады.
👥 Адам – мемлекеттің басты байлығы
«Біздің басты байлығымыз – адам. Сол себепті мемлекет адам әлеуетін нығайту бағытында кешенді шара қабылдады»
— Президент Қ. Тоқаев
Қазақстан халқының өмір сүру сапасын арттыру, білім мен денсаулық сақтау салаларын дамыту, жұмыспен қамту — мемлекеттің ұзақ мерзімді басымдықтарының бірі.
Қазақстан – діни толеранттылық пен диалог алаңы
Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезі еліміздің бейбітшілікке, диалог пен өзара құрметке негізделген сыртқы және ішкі саясатының жарқын көрінісі.