Таза Қазақстан аясында мекеме қызметкерлері арасында ерекше челленж ұйымдастырылды. Бұл шараның басты мақсаты – қоршаған ортаны таза ұстау мәдениетін қалыптастыру және ұжым арасында экологиялық жауапкершілікті арттыру.
Челленж барысында қызметкерлер белсенділік танытып, өз жұмыс орындары мен айналасын тазалап, табиғатты қорғауға өз үлестерін қосты. Әр қатысушы тазалықты сақтау тек бір реттік іс емес, күнделікті әдетке айналуы тиіс екенін дәлелдеді.
Сонымен қатар, бұл бастама ұжымдық бірлікті нығайтып, әріптестер арасындағы ынтымақтастықты арттырды. Қызметкерлер бір мақсатта бірігіп, табиғатты аялаудың маңыздылығын көрсетті.
Осындай игі шаралар арқылы біз еліміздің экологиялық жағдайын жақсартуға өз үлесімізді қоса аламыз. Таза орта – дені сау ұлттың кепілі.
Таза Қазақстан – әрбіріміздің қолымызда




