«Қазақстан – академиялық білім аймағы»: халықаралық ынтымақтастықтың жаңа кезеңі

Жаңалықты бөлісіңіз:

Мемлекет басшысы «Қазақстан – академиялық білім аймағы» халықаралық стратегиялық серіктестер форумына қатысып отыр. Бұл форум еліміздің білім беру жүйесін халықаралық деңгейде ілгерілетуді, тәжірибе алмасуды және ғылым мен инновацияны дамыту бағытындағы ынтымақтастықты тереңдетуді мақсат етеді.

Іс-шара барысында үздік шетелдік университеттердің жетекшілері, халықаралық рейтинг және аккредиттеу агенттіктерінің өкілдері бас қосты. Атап айтқанда, Quacquarelli Symonds компаниясы, Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институты, Бейжің тіл және мәдениет университеті, Кардифф университеті, Вусонг университеті, МИФИ, Минерва университеті және басқа да жетекші жоғары оқу орындарының өкілдері қатысуда.

Форум аясында академиялық әріптестікті нығайту, қазақстандық білім мен ғылымды жаһандық деңгейге шығару жолдары талқыланып, жаңа бастамалар мен бірлескен жобалар ұсынылмақ.

By admin

Related Post

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *