жаңалық
Пт. Ноя 14th, 2025

Қасым-Жомарт Тоқаев ауыл шаруашылығы қызметкерлеріне олардың қиын еңбегі үшін алғыс білдірді

Жаңалықты бөлісіңіз:

Қасым-Жомарт Тоқаев ауыл шаруашылығы қызметкерлеріне олардың қиын еңбегі үшін алғыс білдірді

 

«Ең алдымен барлық ауыл шаруашылығы қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтағым келеді. Бұл – нағыз еңбек адамдары құрметтелетін күн. Фермерлер, мал шаруашылығы мамандары, диқаншылар еліміздің дамуы мен өркендеуіне зор үлес қосып келеді. Сіздерге қиын да жауапты еңбектеріңіз үшін шын жүректен алғыс айтамын.

 

Ауыл шаруашылығы – стратегиялық маңызы бар, экономиканың аса маңызды саласы.

 

Бүгін біз еліміздің өңірлерінен келген білікті мамандардың қатысуымен аграрлық сектор мәселелеріне арналған екінші Форумды өткізіп отырмыз. Сондықтан бұл іс-шараны ұлттық деңгейдегі маңызды оқиға деп толық айтуға болады. Сөз сөйлеген қатысушылар маңызды әрі жан-жақты ұсыныстарын жеткізді. Бұл ұсыныстарды мұқият зерттеп, алдағы жұмыста міндетті түрде ескеру қажет».

By admin

Related Post

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *