Сәтбаев қаласында Б.Бұлқышев атындағы орталықтандырылған кітапхана жүйесінің ғимаратында ұзақ жылдар бойы күтілген күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіле бастап, жалғасын табуда!
Орталық кітапхана 1952 жылы Рудник кентінде құрылып, 1987 Сәтбаев қаласына қоныс аударған.
Соңғы рет ағымдағы жөндеу 2009 жылы жүргізілген болатын. Содан бері ғимаратта ешқандай күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілмеген.
Күрделі жөндеудің басты мақсаты – кітапхананың материалдық-техникалық базасын жаңарту, оқырмандар мен қызметкерлер үшін жайлы жағдай жасау және қазіргі заман талаптарына сай жаңа кеңістік қалыптастыру.
Жөндеу жұмыстары кезең-кезеңімен жүргізіліп, кітапхана жұмысы уақытша шектеулі режимде жалғасатын болады.
Аталған жоба қаланың мәдени өмірі мен рухани дамуына оң серпін беретіні сөзсіз.
                        