Бүгінгі күннің талабы – сәні мен сәулеті сабақтасқан «Дизайн код» жобасын дайындап, қаланың заманауи стильде дамуын қамтамасыз ету.
Дизайн код – қаланың сәулетін айқындайтын құжат. Онда ғимараттардың сыртқы қасбетінің үлгісі қандай болу керектігі, оның түсі, құрылыс жұмыстарына қолданылатын материалдар, сондай-ақ, көшелердің де қалай біркелкі көріктендірілетіні көрсетіледі.
Осы жобаның басы ретінде Қ.Сәтбаев даңғылы 125 тұрғын үйде орналасқан бизнес нысандарының иелерімен жиналыс өткізілген. Жиналыс барысында қайта құру және қосымша құрылыс салатын кәсіпкерлерге нысанның қасбетін бір типті үлгіде әрлеу ұсынылған. Бұл ұсыныс кәсіпкерлер тарапынан қолдау тауып, олардың келісімдері де алынған.