ҚАЛАҒА ЖАҢА ТЫНЫС: ЗАМАНАУИ АВТОБУС ҚОЛДАНЫСҚА БЕРІЛДІ!

Жаңалықты бөлісіңіз:

ҚАЛАҒА ЖАҢА ТЫНЫС: ЗАМАНАУИ АВТОБУС ҚОЛДАНЫСҚА БЕРІЛДІ!

«НұрТрансСәт» ЖШС өз қаражаты есебінен жаңа үлгідегі ПАЗ Вектор Next (2024 ж.) маркалы автобусты сатып алып, тұрғындардың игілігіне ұсынды. Жаңадан алынған қоғамдық көлік қазіргі заман талаптарына толық сәйкес келеді және қала ішінде қозғалысты айтарлықтай жеңілдетуге бағытталған.

Автобустың ішкі салоны кең әрі ыңғайлы – 19 жолаушыға арналған орындықтар маңдайшадан бастап соңғы бөлшегіне дейін сапалы материалдармен қапталған. Ең басты артықшылығы – мүмкіндігі шектеулі азаматтардың еркін қозғалысына толық жағдай жасалғаны. Арнайы пандус орнатылып, салонға кіру мен шығу процесі барынша жеңілдетілген. Сондай-ақ көлік заманауи қауіпсіздік жүйелерімен, бейнебақылаумен және жарықтандырудың жаңа үлгісімен жабдықталып, жолаушылардың жайлылығы үшін климаттық жүйе орнатылған.

Бүгінгі жасалған қадам – тек бастама ғана. Биыл мекеме қалалық автобекеттің сыртқы келбетін жаңартып, оның маңайындағы инфрақұрылымды жақсартуға күш салуда. Келесі жылы ғимараттың ішкі бөлігі толық жөндеуден өтіп, күту залдары жаңартылып, кассалар мен қызмет көрсету аймақтары заманауи стандартқа сай қайта жабдықталмақ.

Бұл өзгерістер – тұрғындарға жайлы, қолжетімді және қауіпсіз қоғамдық көлік қызметін ұсынуға бағытталған жүйелі әрі нақты іс-шаралардың бір бөлігі. Қала үшін үлкен серпін болар бұл жұмыстар алдағы уақытта қоғамдық қатынасты одан әрі дамытып, тұрғындардың күнделікті өмірін жеңілдетері сөзсіз.

By admin

Related Post

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *