ҚАЛАҒА ЖАҢА ТЫНЫС: ЗАМАНАУИ АВТОБУС ҚОЛДАНЫСҚА БЕРІЛДІ!

Жаңалықты бөлісіңіз:

Қала тұрғындары үшін қуанышты жаңалық – «НұрТрансСәт» ЖШС өз қаражаты есебінен жаңа үлгідегі ПАЗ Вектор Next (2024 ж.) автобусын сатып алып, халық игілігіне ұсынды.

 

Бұл көліктің салоны 19 жолаушыға арналған. Ең бастысы – мүмкіндігі шектеулі азаматтардың еш кедергісіз қозғалысына жағдай жасалған. Арнайы пандус орнатылып, автобус толықтай қауіпсіздік пен қолайлылық талаптарына сай жабдықталды.

 

Бүгінгі жаңа қадам – тек бастамасы. Биыл мекеме қаладағы автобекеттің сыртын жаңартып, инфрақұрылымды жақсартса, келер жылы ғимараттың ішкі бөлігіне де толық жөндеу жұмыстары жүргізілмек.

 

Бұл өзгерістер – тұрғындарға жайлы, қолжетімді әрі қауіпсіз қоғамдық көлік қызметін ұсынуға бағытталған нақты іс-шаралар.

By admin

Related Post

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *