Мердігер ұйым “ТПК Арша” ЖШС келесі учаскелерде орташа жөндеу жұмыстарын жүргізуде:
📍Горький көшесі – Ерден көшесінен Бұлқышев көшесіне дейін;
📍Жалиль көшесі – Ерден көшесінен Бұлқышев көшесіне дейін.
Аталған көшелерде негізгі дайындық жұмыстары аяқталды:
-құдықтар жаңа асфальт жамылғысының деңгейіне дейін көтерілді;
-жол негізі қиыршық таспен нығайтылып, тегістелді.
Ескі асфальт жабындысын алу барысында бұрын есепке алынбаған қосымша құдықтар анықталды. Қазіргі уақытта олар да ретке келтіріліп, алдағы жөндеу жұмыстарының көлеміне енгізіледі. Бұл жол жабындысының сапалы әрі қауіпсіз болуын қамтамасыз етеді.
Сонымен қатар, Ерден көшесінде жол жамылғысына ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілуде.
Бүгінгі күні шамамен 2000 шаршы метр асфальт төсеу ғана қалды.
Жөндеу жұмыстары кезең-кезеңімен, барлық сапа стандарттарын сақтай отырып жүргізілуде.
Жөндеу жүргізіліп жатқан учаскелерде көлік қозғалысына уақытша шектеулер қойылуы мүмкін. Жүргізушілерден жолда абай болуды және қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауды сұраймыз.