ҚАЙРАН ҚОЙШЕКЕҢ!

Жаңалықты бөлісіңіз:

Қойшыбек аға Тоқтамысұлы! Жаратылысыбөлекше еді!

Қазақтың атақты жырауы, ақын, марқұмШынболат Ділдебаев бұл кісініДұрыс емесшал” дейді екен. Неге? Өйткені, кәдуілгітіршіліктегі көп нәрсеге ол басқаша қарайтын, басқаға әп әдемі көрінетін жәйттерді жақтырабермейтін, ” осы дұрыс па?” деп сұрақ қойып, бетіңе қарап отыратын да, “дұрыс емесдепжауабын да өзі беріп, шегелеп, шегендептастайтын. АрагідікДұрыс қойдеп айтыпүлгеріп қалсаң, “Несі дұрыс? Сендерге әлеулайхалаулай болса жетеді ғой, сонда салтдәстүрқайда, қазақтың күмбірлеген күйі, әдемі әніқайда?” деп шала бүлінетін де қалатын. Өзішертпе күйді шебер шертетін. Жаратылысыбөлекшелеу болатын. Көбіміздің түсінбегенімізде рас, сол түсінбестіктің кесіріненқыңырлығы, қиқарлығы басымдеп жүрдік. Өзітуралы жазған бір мақаламда ол кісініҚиқаршал” деп сыпаттап жібергенім де бар. “Қиқарболып сенің бірденеңді бүлдірдім бе, мынауыңне?” деп ұрысатын шығар десем, ағамкерісіншеОсыған шейін маған сыртымнанайтылатын сөзді сен тасқа басқан екенсің, мұның дұрыс. Айтқасын ашық айту керекдеп, ризашылығын білдіріп едіау..Маған анауШынболаттың қойғанДұрыс емес шал” дегенаты да ұнайдыдейтін..

Өзі соғыс ардагері еді. Бірақ… «Мен сұрапыл соғыстың ортасында болғаным жоқ. Сегіз жыл өмірімді Қиыр Шығыстағы 63 -шекаралық кавалерия отрядының құрамында өткердім» дейтін.  Сосын сол Шығыста жүріп, кеудесіне тағып оралған “Ерлігі үшін” медалін көрсетіп қоюды да ұмытпайтын. Мұнысы «Сегіз жылым текке өткен жоқ» дегендегісі ғой.

Ол кісі өмірден өткен кейінгі Жеңіс күніжайылған дастархан басында отырғанда ақын Мұса Тілеуов ағамыз ” Қойшекең жарықтық мұндайда “шай деген үйде де бар ғой, кемпір ішкізбейтіннен дәм тата отырайық” деп күлдіретін еді” деген естелік айтты. Нені меңзегені түсінікті ғой.

Әулие адам ғой! “Жүзге әркім де келеді, мен 99-дың төбесін көргенімді тойлаймын” деп, Астанадағы тойына шақырған. Барғанбыз. Жүзге жақындаса да, Жамбылдың жасынан аса қоймайтынын сезді ме екен?

Мәңгілік мекенжайын күнілгері салдырып қойғаны да бар еді. Астанадан келіпті де,  сол жерді барып көріп, үйіне жеткн соң  он бес – жиырма минуттан соң, жүріп кете барыпты. Әулие болмаған несі қалды?!

Жатқан жері жайлы, топырағы торқа болсын ағамыздың! Ұлы жеңстің 80 жылдық тойында ағамызды бір  еске алып қоймасақ, әруағынан ұят-ты.

Абдолла Дастанов.

By admin

Related Post

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *