Жаңа Конституция – халқымыздың ынтымақ-бірлігінің айқын әрі берік символы болып табылады. Оның баптарында әрбір қазақстандықтың арманы мен аңсары, еліміздің гүлденген келешегіне деген үміті мен сенімі көрініс тапқан. Конституция – мемлекетіміздің дамуына бағыт-бағдар беріп, әділетті қоғам құрудың іргетасын қалайтын ең маңызды құжат. Ол арқылы әрбір азаматтың құқықтары мен бостандықтары нақты анықталып, заң алдында теңдігі қамтамасыз етіледі. Бұл құжат мемлекеттік билік органдарының жұмысын үйлестіруге, қоғамдық өмірдегі тәртіп пен әділеттілікті нығайтуға бағытталған. Сонымен қатар, Конституция елімізде тұрақтылық пен келісімді орнатып, ортақ мақсаттарға жетудің жолын ашады. Ол мемлекеттік институттардың тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз етіп, халық пен билік арасындағы сенімді арттырады. Жаңа Конституция – тәуелсіздігіміздің тірегі, ел бірлігінің кепілі, ұрпаққа аманат етер құнды мұра. Оның әрбір баптары азаматтардың өмір сапасын жақсартуға, құқықтық мемлекет қағидаларын нығайтуға, ұлттық бірлікті сақтауға бағытталған. Осылайша, Конституция халқымыздың ортақ арманы мен болашаққа деген сенімінің көрінісі болып табылады.




