Президенттің 2025 жылғы Жолдауындағы экологиялық мәселелер

Жаңалықты бөлісіңіз:

Қазақстан Республикасының Президентінің 2025 жылғы Жолдауында экология мәселелеріне айрықша назар аударылған. Бұл елдің тұрақты дамуы мен азаматтардың өмір сүру сапасын арттырудың басты стратегиялық бағыттарының бірі болды.

 

Жолдауда экологиялық саясатты жетілдіру, «жасыл экономикаға» көшу, қалдықтарды азайту және энергия тиімділігін арттыру қажеттілігі атап өтілді. Мемлекет басшысы қоршаған ортаны қорғау мен табиғи ресурстарды сақтау бойынша нақты тапсырмалар берді.

 

Сонымен қатар, халық арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру, жастар мен қоғамды табиғатты қорғау ісіне тарту, сондай-ақ «Таза Қазақстан» акциясын жалғастыру маңызды бағыт ретінде көрсетілді.

 

Бұл Жолдау экологиялық тұрақтылықты қамтамасыз етуге, ресурстарды ұтымды пайдалануға және экологиялық таза технологияларды дамытуға бағытталған нақты қадамдардың бастамасы болды.

 

А.В. Шлехт, Жезқазған қалалық мәслихатының депутаты

By admin

Related Post

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *