13–23 наурыз аралығында Қазақстан бойынша Наурыз мерекесіне орай республикалық «Наурыз-Fest» акциясы өтеді.
Акцияның мақсаты - отандық тауар өндірушілерді қолдауға, азық-түлік және азық-түлік емес тауарларға жеңілдіктер беруге, сондай-ақ олардың халық үшін бағалық және физикалық қолжетімділігін қамтамасыз етуге бағытталған.
Акция аясында сауда желілерінде азық-түлік және тұрмыстық тауарларға жеңілдіктер ұсынылады, сондай-ақ сауда орталықтарында мерекелік фотозоналар ұйымдастырылатын болады.
Ұлытау облысында акция Жезқазған қаласындағы бірқатар сауда орындарында өтеді. Олардың қатарында:
«Шаруа » СҮ
«Дариға» СҮ
«Технодом» АҚ
«Самаз» супермаркеті
«Юникс» супермаркеті
«Органик» супермаркеті
«Акцент» супермаркеті
«Самади» супермаркеті




