Президент Жолдауында жасанды интеллекттің маңыздылығы ерекше атап өтілді. Мемлекет басшысы бұл технологияның әлемдік дамудың негізгі факторына айналып отырғанын айтты. Жасанды интеллект денсаулық сақтау, білім беру, өндіріс, ауыл шаруашылығы секілді түрлі салаларда кеңінен қолданылып, тиімділікті арттыруға мүмкіндік береді.
Сондай-ақ Жолдауда Қазақстанның осы бағыттағы әлеуетін барынша пайдалану қажеттігі айтылды. Ол үшін ғылыми-зерттеу орталықтарын дамыту, кадрларды даярлау, халықаралық әріптестік орнату және отандық IT-индустрияны қолдау қажет.
Президенттің пікірінше, жасанды интеллект – тек технологиялық жаңалық емес, ол елдің экономикалық бәсекеге қабілеттілігін арттыратын, қоғамның өмір сапасын жақсартатын басты құралдардың бірі.
👉 Осыған байланысты алдағы жылдары жасанды интеллектке негізделген жобаларды қолдау, цифрлық инфрақұрылымды жетілдіру және жаңа инновациялық экожүйе құру мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі болмақ.