Президент Жолдауы – жаңа экономикалық және интеллектуалдық серпілістің бастауы

Жаңалықты бөлісіңіз:

 

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2025 жылға арналған Жолдауы еліміздің экономикалық даму бағытын айқындап, жаңа кезеңнің нақты міндеттерін белгілеп берді. Бұл стратегиялық құжатта елдің әлеуметтік-экономикалық тұрақтылығын нығайту, инвестициялық тартымдылықты арттыру және зияткерлік әлеуетті дамыту мәселелері жан-жақты қамтылды.

 

Сәтбаев қалалық мәслихатының төрағасы Оспанова Замзагүл Қажымұқанқызының айтуынша, Жолдауда көтерілген негізгі басымдықтардың бірі – ұлттық экономиканы жаңғырту мен интеллектуалдық капиталды күшейту.

– Мемлекет басшысы экономикалық саясаттың жаңа бағыттарын белгілей отырып, инновация мен білімге негізделген интеллектуалдық экономиканы қалыптастырудың маңызын атап өтті. Қазіргі заманда дамудың басты қозғаушы күші – адам капиталы мен білім, сондықтан интеллектуалдық әлеуетті арттыру – әр өңірдің, соның ішінде Сәтбаев қаласының да басты мақсаты болуы тиіс, – деді Замзагүл Қажымұқанқызы.

 

Сонымен қатар, мәслихат төрағасы Президент ұсынған бір палаталы парламенттік модельге көшу бастамасын саяси жүйені жетілдірудің маңызды қадамы ретінде бағалады.

– Бұл өзгеріс мемлекеттік басқару жүйесін оңтайландырып, заң шығару процесін тиімді етуге мүмкіндік береді. Қоғамның сұранысына дер кезінде жауап беретін, ашық әрі жауапты билік институттарын қалыптастыру – демократиялық жаңғырудың айқын көрінісі, – деп атап өтті ол.

 

Оспанова Замзагүл Қажымұқанқызының пікірінше, Президенттің ел экономикасын әртараптандыру, цифрлық даму мен инновацияны қолдау жөніндегі тапсырмалары өңірлердің әлеуетін арттыруға және жаңа жұмыс орындарын ашуға зор мүмкіндік береді.

 

– Интеллектуалдық экономикаға көшу – тек астана мен ірі қалалардың емес, барлық өңірлердің ортақ міндеті. Бұл бағытта біз білім беру сапасын арттырып, жастардың инновациялық бастамаларын қолдауға ерекше мән беруіміз қажет, – деді мәслихат төрағасы.

 

Оның айтуынша, Сәтбаев қалалық мәслихаты жергілікті деңгейде Президент бастамаларын жүзеге асыруға белсенді атсалысып, өңірдің экономикалық және әлеуметтік дамуына бағытталған жобаларды қолдауды жалғастырады.

 

– Жолдау – әрбір қазақстандыққа жаңа серпін беретін стратегиялық құжат. Онда белгіленген міндеттерді жүзеге асыру арқылы біз әділетті қоғам мен мықты экономиканы қалыптастыра аламыз, – деді Оспанова Замзагүл Қажымұқанқызы

By admin

Related Post

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *