Пресс-релиз
Ұлытау облысы Әділет департаментінің 2025 жылдың 9 айында атқарған жұмыстары туралы
2025 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша, Ұлытау облысы Әділет департаменті өз құзыреті шеңберінде заңдылықты қамтамасыз ету, құқықтық түсіндіру және цифрландыру бағыттарында бірқатар маңызды жұмыстарды атқарды.
Құқықтық қызмет көрсету және азаматтарды қабылдау
- Департаментке 792 өтініш келіп түсті, оның ішінде 559 өтініш қаралып, 233 өтініш басқа органдарға жолданды.
- Мемлекет кепілдік берген заң көмегі шеңберінде 12 адвокатпен келісімшарт жасалды.
- Адвокаттарға бөлінген 29 млн теңгенің 15,4 млн теңгесі игерілді.
- 359 құқықтық іс-шара өткізіліп, 27 373 адам қамтылды.
Нотариат және сот орындаушылар қызметі
- Облыста 40 нотариус тіркелген. ҚР ӘҚБтК-нің 214-бабы бойынша 9 әкімшілік іс қозғалып, 1,4 млн теңге айыппұл салынды.
- 75 609 атқару өндірісі тіркелсе, оның 43,9% аяқталған. Толық орындалғандарының үлесі – 72,9%.
- Алимент өндіріп алу бойынша 8 230 құжат орындалуда, 317 проблемалық іс анықталды.
- Сот орындаушыларға қатысты 36 жоспардан тыс тексеру жүргізіліп, 8-іне тәртіптік жаза қолданылды.
Коммерциялық емес ұйымдарды тіркеу және апостиль қою
- 93 тіркеу әрекеті жасалды, мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімдері бұзылған жоқ.
- 194 құжатқа апостиль қойылды, оның ішінде 52-сі электронды түрде. Электрондық апостиль үлесі 36%-ға жетті.
Зияткерлік меншік және «Контрафакт» шаралары
- 38 түсіндіру іс-шарасы өткізілді.
- Adidas және Apple тауар таңбаларына қатысты 2 әкімшілік іс қозғалып, 165 мың теңге айыппұл салынды.
- 2 географиялық нұсқама тіркелді (Ұлытау ұны, Ұлытау су), Жаңаарқа қымызы – тіркеу сатысында.
Цифрландыру бойынша жетістіктер
- «Робот сот орындаушысы»жобасы іске қосылды – халық 2 млрд теңге үнемдеді.
- «Цифрлық атқарушылық жазба»пилоттық жобасы іске асырылды.
- «Тараптар кабинеті»арқылы азаматтар істердің барысын онлайн бақылай алады.
- «Виртуалды робот-кеңесші»чат-ботына 40 мыңнан астам азамат жүгінген, оның 1 800-і – Ұлытау облысының тұрғындары.
Ұлытау облысы Әділет департаменті алдағы уақытта да құқықтық қызметтердің сапасын арттыру, заң үстемдігін қамтамасыз ету және цифрлық сервистерді дамыту бағытындағы жұмыстарды жалғастырады.
Ұлытау облысы Әділет департаменті
16 қазан 2025 жыл