ПАРАСАТТЫ АҒАМА ЖАРАСЫП ТҰР «ПАРАСАТ»!
Ұлытау облысы Ақсақалдарының, Ардагерлерінің көшбасшысы Сағындық аға Қожамсейітов күні кеше елордадан Ұлытауға кеудесіне » Парасат» орденін тағып оралды.
Облысымыздың бас ақылман абызына айналған Ағаны мемлекет наградасына ҚР Ардагерлер Кеңесі ұсынған екен.
Ағамыздың көпжылғы еңбегін лайықты бағалай білген Республикалық Ардагерлер Кеңесінің төрағасы Бақтықожа Ізмұхамбетов ағамызға да көп-көп рахмет!
Байланысты өткенге бүгін менен болашақ,
Ардагерді ардақтау елдігіме жарасат.
Қараймын да қуанам, қандай ғажап бұл деген,
Парасатты Ағама жарасып тұр «Парасат»!
Құтты болсын!
