Оксана Жук: «Президент Жолдауы – ел дамуының жаңа кезеңіне жол ашатын нақты бағдар»

Жаңалықты бөлісіңіз:

Сәтбаев қаласы «Қоғамдық келісім» КММ директоры Оксана Жук Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2025 жылғы халыққа арнаған Жолдауы туралы пікір білдірді.

 

— Мемлекет басшысының биылғы Жолдауы еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының жаңа бағытын айқындап берді. Президент ерекше назар аударған еңбек адамын қолдау және 2025 жылды “Еңбек адамдарының жылы” деп жариялау бастамасы – қоғамның негізгі тірегі саналатын жұмысшы мамандықтарының мәртебесін көтеруге бағытталған маңызды қадам, – деді Оксана Жук.

 

Оның айтуынша, бүгінде өндіріс, құрылыс, энергетика, қызмет көрсету салаларындағы еңбек иелерін қолдау – елдің тұрақты дамуының басты кепілі.

 

— Сондай-ақ, Мемлекет басшысы атом электр станциясын салу мәселесін жан-жақты қарастырып, бұл шешімді тек экономикалық емес, экологиялық тұрғыдан да сараптау қажет екенін атап өтті. Бұл – еліміздің энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етудің маңызды бағыты, – деп атап өтті ол.

 

Сонымен қатар, Оксана Жук Президенттің экономикалық саясатты жаңғырту, инвестиция тарту және шағын және орта бизнесті қолдау жөніндегі тапсырмалары елдің болашағына сенім ұялатады деп айтты.

 

— Жолдау әрбір азаматқа жаңа серпін беріп, қоғамдағы бірлік пен тұрақтылықты нығайтуға шақырады. Біз, Сәтбаев қаласының тұрғындары мен «Қоғамдық келісім» ұжымы, Мемлекет басшысының бастамаларын қолдай отырып, ел игілігі жолында бірлесе еңбек етуге дайынбыз, – деді ол өз сөзінде.

By admin

Related Post

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *