Мемлекеттік басқару академиясына құжаттарды қабылдау басталды

Жаңалықты бөлісіңіз:

2025 жылдың 1 сәуірінен бастап Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясына құжаттарды қабылдау басталды. Өтініштер «Admission» ақпараттық жүйесі арқылы онлайн форматта қабылданады. Құжат тапсыру 2025 жылдың 25 маусымына дейін жалғасады.
Академия 12 білім беру бағдарламасы бойынша оқуға қабылдайды, олардың ішінде 9-ы – магистратура, 3-і – докторантура бағдарламалары.
Магистратура бағдарламалары:
– «MPA – Мемлекеттік басқару»,
– «MPP – Мемлекеттік саясат»,
– «MIR – Халықаралық қатынастар»,
– «ME – Экономика»,
– «MRD – Өңірлік даму»,
– «MHRM – Адами ресурстарды басқару»,
– «MDPA – Цифрлық мемлекеттік басқару»,
– «EMPA – Мемлекеттік басқару» (модульдік оқыту негізінде),
– «MRDm – Өңірлік даму» (модульдік оқыту негізінде).
Докторантура бағдарламалары:
– «DPA – Мемлекеттік басқару»,
– «DE – Экономика»,
– «DIR – Халықаралық қатынастар».
Биыл да магистратураға 120, докторантураға 12 мемлекеттік грант бөлінді.
2025 жылғы қабылдау науқанының басты жаңалықтары мен өзгерістері:
1. «Цифрлық мемлекеттік басқару» жаңа бағдарламасы іске қосылды.
Жаңа MDPA магистратура бағдарламасы цифрлық трансформацияны басқару, мемлекеттік секторда цифрлық шешімдер әзірлеу мен енгізу және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы мамандарды даярлауға бағытталған.
2. Мемлекеттік қызмет өтіліне қойылатын талаптар артты.
Барлық магистратура бағдарламаларына қабылдану үшін мемлекеттік қызмет өтілі 2 жылдан 3 жылға дейін ұзартылды.
– «MPA – Мемлекеттік басқару» бағдарламасына – кемінде 5 жыл,
– «MPP – Мемлекеттік саясат» бағдарламасына – кемінде 4 жыл еңбек өтілі талап етіледі.
3. Ақылы негізде оқуға түсу талаптары нақтыланды.
Енді ақылы бөлімде тек мемлекеттік қызметшілер ғана емес, сондай-ақ мемлекеттік бюджет есебінен қаржыландырылатын мемлекеттік органдардың ведомстволық бағынысты ұйымдарының және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің өкілдері де оқи алады.
4. Білім беру бағдарламаларына ерекше талаптар енгізілді.
Әрбір бағдарламаға саласына қатысты нақты талаптар белгіленді. Бұл өзгерістер магистратура мен докторантура бағдарламаларына үміткерлерді сапалы іріктеу мақсатында енгізілді.
Үміткерлер келесі құжаттарды тапсыруы қажет:
1. Мемлекеттік органның жолдамасы (тек мемлекеттік қызметшілер үшін).
2. Жеке куәліктің электрондық көшірмесі.
3. Жоғары білім туралы диплом мен қосымшасының скан нұсқасы (магистратураға) немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім туралы диплом мен қосымшасының көшірмесі (докторантураға).
4. Мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін растайтын В1 деңгейінен төмен емес QAZAQ RESMI TEST немесе ҚАЗТЕСТ сертификаты (шетел азаматтарынан басқа).
5. MPA, MIR магистратура бағдарламаларына және докторантураға бір халықаралық сертификат (IELTS, TOEFL IBT, TOEFL ITP немесе TOEIC).
6. Мемлекеттік қызметшілер үшін – қызметтік тізім; басқа үміткерлер үшін – еңбек қызметін растайтын құжат.
7. Докторантураға түсетіндер үшін – ғылыми-зерттеу жоспары (Research proposal), ол жеке бағаланады.
8. Электрондық цифрлық қолтаңбамен расталған өтініш.
Іріктеу кезеңдері:
• Алғашқы кезең – онлайн форматта аналитикалық эссе жазу (28 маусым – 1 шілде).
• Екінші кезең – офлайн сұхбат (8–23 шілде), Академия ғимаратында өтеді.
• Аралық нәтижелер 25 шілдеде жарияланады. Құжаттарды рәсімдеу және келісімшартқа отыру мерзімі – 7 тамызға дейін.
• Оқу процесі дәстүрлі түрде 1 қыркүйекте басталады.
Қабылдау ережелері туралы толық ақпарат Академияның ресми сайтында – apa.kz, сондай-ақ әлеуметтік желідегі ресми парақшаларында жарияланған. Қосымша ақпаратты Қабылдау комиссиясынан немесе Академия филиалдарынан алуға болады.
Назар аударғандарыңызға рақмет!

By admin

Related Post

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *