Ұлытау облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары С.Құрбанбековпен сұхбат
-Сырым Жиенқұлұлы, қайырлы күн!
-Қайырлы күн!
-Сіз қай мемлекеттік органның Әдеп жөніндегі уәкілі қызметін атқарасыз?
- Мен өзімнің негізгі қызметтік міндетіммен бірге, 2026 жылғы қаңтардан бастап Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің Ұлытау облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің Әдеп жөніндегі уәкілі ретінде қызмет атқарамын.
-Жалпы, Сіздің мемлекеттік органның қызметкерлеріне жеке және заңды тұлғаларға қызмет көрсету кезінде қандай талаптар қойылады?
- Мемлекеттік қызметшілер өз қызметін атқару кезінде Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексінің талаптарын сақтауы керек, яғни мынадай қызметтік әдеп стандарттарына мән береді:
1) қарапайым болу, жалпыға бірдей қабылданған моральдық-әдептік нормаларды сақтау, шындыққа сәйкес келмейтін мәліметтерді таратпау;
2) мемлекет мүдделеріне және азаматтардың құқықтарына нұқсан келтіретін әрекеттерге қарсы тұру;
3) заңда белгіленген шектеулерді сақтау, мүдделер қақтығысын болдырмау;
4) азаматтармен қарым-қатынаста әдептілік таныту, дөрекілік, қадір-қасиетін кемсіту, әдепсіздік және бейәдеп мінез-құлық фактілеріне жол бермеу, өздерінің әрекеттерімен және мінез-құлқымен олардың тарапынан сынға себепкер болмау;
5) іскерлік әдеп пен ресми мінез-құлық қағидаларын сақтау, азаматтардың көз алдында өздері өкілі болып табылатын мемлекеттік органдардың абыройы мен беделіне айқын нұқсан келтіретін әрекеттер жасауға жол бермеу;
6) лауазымдық міндеттерді атқаруға байланысты кез келген сипатта құқыққа сыйымсыз уәделерді бермеу және құқыққа сыйымсыз міндеттемелерді алмау;
7) жеке сипаттағы мәселелерді шешу кезінде мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, мемлекеттік қызметшілер мен өзге де адамдардың қызметіне ықпал ету үшін қызметтік жағдайын, сондай-ақ онымен байланысты мүмкіндіктерді қоғамдық және діни бірлестіктердің, басқа да коммерциялық емес ұйымдардың мүдделерінде, оның ішінде оларға өзінің көзқарасын насихаттау үшін пайдаланбау;
8) мемлекеттік меншіктің сақталуын қамтамасыз ету, мемлекеттік мүлікті тек нысаналы мақсаты бойынша, лауазымдық міндеттерін және рұқсат етілген қызмет түрлерін орындау үшін пайдалану;
9) қызметтік міндеттерді адал орындауға кедергі келтіретін құқыққа сыйымсыз қаржылық және мүліктік мүдделерді қудаламау;
10) қызметтік міндеттерін орындауға байланысты жағдайларды қоспағанда, ойын мекемесіне барудан тартыну.
Сонымен қатар, мемлекеттік қызметшінің қызметтік міндеттерді орындау кезіндегі сырт келбеті мемлекеттік аппараттың беделін нығайтуға ықпал етуге, ресмилікпен, ұстамдылықпен және ұқыптылықпен ерекшеленетін жалпыға бірдей қабылданған іскерлік стиліне сай болуға тиіс.
-Мемлекеттік қызметшілер қызметтен тыс уақытта өздерін қалай ұстауы керек?
-Мемлекеттік қызметшілер қызметтен тыс уақытта жалпыға бірдей қабылданған моральдық-әдептілік нормаларын ұстануға, кішіпейілділік танытуға, тиісті көрсетілетін қызметтерді алу кезінде өзінің лауазымдық жағдайын баса көрсетпеуге және пайдаланбауға және қоғамдық имандылыққа қолсұғумен ұштасқан қоғамға қарсы мінез-құлық жағдайларына жол бермеуге тиіс.
-Мемлекетік қызметшілер Әдеп кодексінің талаптарын бұзған жағдайда қандай шаралар қабылданады?
-Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп стандарттарын бұзуы тәртіптік жауаптылыққа әкеп соғады.
-Сырым Жиенқұлұлы, сұхбатыңызға рақмет! Ісіңізге сәттілік тілейміз!
-Рақмет, өзіңізге де шығармашылық табыстар тілеймін!




