Мемлекет басшысы телекөпір барысында KIA Qazaqstan автомобиль зауытының ашылуына қатысты.

Жаңалықты бөлісіңіз:

🟦 Өз сөзінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қатысушыларды зауыттың ашылуымен құттықтап, бұл оқиғаның Қазақстандағы машина жасау саласын дамыту жолындағы маңызды қадам екенін атап өтті.

 

🟦 Сондай-ақ Мемлекет басшысы екі жыл бұрын Қостанайға сапары кезінде KIA Sportage автокөлігінің өндірісі іске қосылғанын еске салды. Бүгін KIA Motors корпорациясымен жасалған келісім аясында толыққанды кәсіпорын өз жұмысын бастады.

 

🟦 Мемлекет басшысы жаңа зауыттың іске қосылуы еліміздің индустриялық-инновациялық даму саясатының нақты нәтижесі екенін атап өтті. Бұл жоба жоғары технологияларды енгізіп, отандық өндірістің әлеуетін арттыруға зор мүмкіндік береді.

 

🟦 Президенттің айтуынша, зауыттың жұмысы Қазақстанның машина жасау саласын жаңа деңгейге шығарып, экономикадағы әртараптандыру бағытын нығайтады. Сонымен қатар кәсіпорында жергілікті кадрлар үшін мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылады.

 

🟦 KIA Qazaqstan зауытының қуаттылығы жылына 70 мың автомобильді құрайды. Мұнда заманауи цифрлық басқару жүйелері мен жасанды интеллект элементтері қолданылады, өндіріс процесі толық автоматтандырылған.

 

🟦 Мемлекет басшысы бұл жоба Қазақстан мен Оңтүстік Корея арасындағы өзара тиімді серіктестіктің айқын үлгісі екенін атап өтті. Екі ел арасындағы ынтымақтастық тек экономикалық емес, технологиялық және білім беру салаларында да жаңа белеске көтеріледі.

 

🟦 Президент Қасым-Жомарт Тоқаев отандық мамандарды қолдау және өндіріс мәдениетін дамыту – елдің тұрақты дамуы мен халықтың әл-ауқатын арттырудың басты кепілі екенін айтты.

 

t.me/aqorda_resmi

 

t.me/aqorda_resmi

By admin

Related Post

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *