Өскелең ұрпақ бақытты, берекелі өмір сүруге тиіс. Сол үшін бәріміз бір ұлт болып, табанды еңбек етуіміз керек. Бұл – баршамызға ортақ өте маңызды жұмыс, аса жауапты азаматтық және ұлттық міндет.
Жұмысымыз қаншалықты күрделі болса да, біз міндетті түрде табысқа жетуіміз керек. Басқа жол жоқ. Себебі, бұл – еліміздің болашағы, халқымыздың тағдыры. Сондықтан барлық реформаны салмақты көзқараспен, мұқият, жан-жақты ойластырып, сапалы түрде жүзеге асыруымыз керек» -деді Президент Жолдауында.
Өскелең ұрпақ – елдің ертеңі, ұлттың болашағы. Әрбір мемлекет өзінің келешегін білімді, тәрбиелі, отансүйгіш жас буынмен байланыстырады. Өйткені бүгінгі жастар – ертеңгі ел тізгінін ұстар азаматтар. Сондықтан да өскелең ұрпаққа дұрыс бағыт-бағдар беру – баршамыздың ортақ міндетіміз.
Бүгінгі жаһандану заманында жастар тек ұлттық құндылықтарды бойына сіңіріп қана қоймай, әлемдік білім мен мәдениетті де игере білуі қажет. Тек сонда ғана олар ұлттың рухани мұрасын сақтай отырып, замана көшінен қалмай, бәсекеге қабілетті болады.
Ұлы Абай «Білімдіден шыққан сөз, талаптыға болсын кез» деп бекер айтпаған. Білімге құштар, еңбекқор, жауапкершілігі мол өскелең ұрпақ – ел дамуының қозғаушы күші. Олар жаңашыл ойларымен, тың идеяларымен, жалынды жігерімен Қазақстанды биік белестерге жетелейді.
Сондықтан отбасы, мектеп, қоғам болып бірлесе отырып, жастарға дұрыс тәрбие мен сапалы білім беру – ең басты мақсат. Тек рухани бай, білімді, ұлтжанды ұрпақ қана егемен еліміздің жарқын болашағын қамтамас ыз ете алады.