Қаcым-Жомарт Тоқаев:
– Сіздің бұл сапарыңыз айрықша маңызға ие – ол екіжақты байланыстарды дамытудың жаңа серпінін беретін маңызды әрі серпінді оқиға болып табылады. Қазақстан мен Финляндия арасында достық пен өзара ынтымақтастықтың жақсы дәстүрлері қалыптасқан. Бізде шешілмеген мәселелер жоқ, сонымен қатар инвестиция және сауда салаларындағы өзара іс-қимыл әлеуеті толық пайдаланылмаған. Сіздің бастамаңызбен ұйымдастырылған бизнес-форумның маңызы зор деп санаймын. Бүгін түстен кейін мен де оның жұмысына қатысамын. Бұл форум біздің елдеріміздің кәсіпкерлерін іскерлік байланыстарды дамытуға жігерлендіреді деп сенемін. Бұдан бөлек, біз гуманитарлық байланыстарды жоғары деңгейде ұстап отырмыз. Жалпы, Финляндия Қазақстанда зор беделге ие – халқымыз Сіздің еліңізге, оның мәдениеті мен дәстүрлеріне үлкен құрметпен қарайды. Көптеген қазақстандық туристер Финляндияға қуана барады. Сіздің бұл сапарыңыз біздің елдеріміз арасындағы серіктестікті нығайтуға жаңа мүмкіндіктер ашатынына сенімдімін.
🇫🇮Александр Стубб:
– Бұл менің Қазақстанға үшінші сапарым. Алғаш рет біз 2008 жылы кездестік, ол кезде мен Сыртқы істер министрі, ал Сіз Сенат Төрағасы едіңіз. Бүгін біз екі негізгі бағытқа назар аударамыз деп ойлаймын. Біріншісі – екіжақты қатынастарымызды және іскерлік ынтымақтастығымызды дамыту. Менімен бірге Финляндияның 20-дан астам жетекші компаниясының өкілдері кіретін үлкен бизнес-делегация келді. Астананың көшелерінде Isku мен Honkarakenne секілді таныс финдік брендтерді көргеніме қуаныштымын. Екінші бағыт – сыртқы саясат және қауіпсіздік мәселелері. Бізде ортақ мүдделер көп, және біз күрделі мәселелердің шешімін бірлесе іздеуге тырысамыз.
🔗 t.me/aqorda_resmi
Мемлекет басшысы Финляндия Президентімен келіссөздер өткізді
