Мемлекет басшысы Достық – Мойынты теміржолының екінші желісін іске қосты

Жаңалықты бөлісіңіз:

­🟦 Өз сөзінде Қасым-Жомарт Тоқаев VII халықаралық «New Silk Way» көлік-логистика бизнес-форумының ашылуымен құттықтап, бүгінгі шараның ерекше маңыздылығын атап өтті.

 

– Біз Достық – Мойынты теміржолының екінші желісінің ресми ашылуына куә болып отырмыз. Бұл – еліміз үшін аса маңызды инфрақұрылымдық жоба. Ол сөзсіз Қазақстанның көлік-логистика жүйесін дамытуға және оның тиімділігін арттыруға тың серпін береді. 35 жыл бұрын «Достық – Алашанькоу» жобасы іске қосылды. Қазақстан мен Қытайдың теміржол тораптарын жалғау еліміз үшін тарихи оқиға болды. Бүгінгі салтанатты рәсімге осы жолды салуға қатысқан ардагерлер шақырылды. Сіздерге шын жүректен алғыс айтамын. Өзімнің Жолдауымда көлік-логистика саласы экономиканың қозғаушы күші әрі халықаралық байланыстарды нығайтудың негізгі факторларының бірі екенін айтқан болатынмын. Қазақстанның бұл салада зор әлеуеті бар. Ұлы Жібек жолы Қазақстан мен Орталық Азия арқылы өткен. Қазақ жері ежелден Қытай мен Еуропаны жалғаған алтын көпір саналады. Қытай – біздің мәңгі жақын көршіміз әрі сенімді одақтасымыз. Біз әрдайым бір-бірімізді қолдап келеміз. Екі халық арасындағы қарым-қатынас берік достық пен өзара сенімге негізделген. Елдерімізді ортақ болашаққа деген көзқарас біріктіреді. Жан-жақты ынтымақтастық дәйекті түрде нығайып келеді. «Бір белдеу, бір жол» атты жаһандық жобаның маңызы зор. Белгілі болғандай, 2013 жылы осы бастаманы Қытай Төрағасы Си Цзиньпин Қазақстанда жариялады. Біз бұл жобаны жан-жақты қолдап, оның жүзеге асуына белсене қатысып келеміз. Өйткені ол еліміздің мүдделеріне толық сәйкес келеді. Соның жарқын дәлелі – Достық – Мойынты теміржолының екінші желісі, – деді Президент.

By admin

Related Post

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *