28 наурыз күні Халықаралық “Жер сағаты” экологиялық акциясы өтті. Бұл маңызды шара World Wide Fund for Nature бастамасымен ұйымдастырылып, әлемнің көптеген елдерінде кеңінен қолдау табады. Акцияның басты мақсаты – табиғатты қорғау, энергияны үнемдеу және экологиялық мәселелерге қоғам назарын аудару.
Жергілікті уақыт бойынша сағат 20:30-дан 21:30-ға дейін адамдар жарықты өшіріп, акцияға өз үлестерін қосты. Бұл бір сағаттық символдық әрекет арқылы әрбір адам қоршаған ортаға деген жауапкершілігін көрсетті. Биылғы “Жер сағаты” акциясының тақырыбы елдегі экотуризмді дамытуға арналды.
Экотуризм – табиғатты сақтай отырып, саяхат жасау мәдениетін қалыптастыратын бағыт. Осы арқылы табиғи аймақтарды қорғау, биоалуантүрлілікті сақтау және жергілікті халықтың әл-ауқатын арттыру көзделеді. Акция барысында осы бағыттың маңыздылығы ерекше атап өтілді.
“Жер сағаты” – тек жарықты өшіру ғана емес, бұл – табиғатқа деген құрметтің белгісі. Мұндай шаралар адамдарды біріктіріп, қоршаған ортаны қорғауға деген жауапкершілікті арттырады.




