«Конституцияны жаңғырту – құқықтық тұрғыда дамудың табиғи әрі қисынды көрінісі. Жаңа жоба демократиялық институттарды нығайтуға және құқық үстемдігін қамтамасыз етуге бағытталған», – деді Үнзила Шапақ.
Мәжіліс депутаты, «Ауыл» партиясының Төрағасы Серік Егізбаев жаңа Конституция жобасы мемлекет дамуының адамға бағдарланған моделін бекітетінін айтты. Соған сәйкес, мемлекет адамға қызмет етуге тиіс.
«Жаңа Конституцияда адам капиталы жер қойнауы мен табиғи ресурстардан маңызды екені бекітілді. Бұл білім мен ғылымды дамыту және азаматтардың тұрмысын жақсарту мәселесі мемлекеттің тікелей міндетіне айналатынын білдіреді», – деді Серік Егізбаев.
Мәжіліс депутаты, «Ауыл» партиясы фракциясының мүшесі Жигули Дайрабаев Конституцияға өзгерістер енгізудің жаңа тәртібіне – жалпыхалықтық референдум арқылы шешім қабылдау мәселесіне егжей-тегжейлі тоқталды.
«Енді тек жалпыхалықтық референдум арқылы ғана Конституцияға өзгерістер енгізіледі. Бұл түпкілікті шешімді халық қабылдайтынын бекітеді», – деді Жигули Дайрабаев.
Мәжіліс депутаты, «Respublica» партиясының төрағасы Айдарбек Қожаназаров жаңа Конституция ұзақ мерзімді инвестициялар үшін болжамды орта қалыптастыратынын атап өтті.
«Экономикалық өсім ресурстар көлеміне емес, институттардың сапасына, ережелердің тұрақтылығына және меншік құқығының қорғалуына байланысты болмақ. Жаңа Конституция дәл осы институционалдық негізді бекітеді», – деді Айдарбек Қожаназаров.
Мәжіліс депутаты, «Respublica» партиясы фракциясының мүшесі Екатерина Смолякова мемлекет пен бизнес әріптестігінің философиясына тоқталды.
«Конституция мемлекетке және жеке тұлғаға тиесілі меншікті тең қорғауды бекітеді және адал әріптестіктің жаңа қағидаттарын қалыптастырады», – деді Екатерина Смолякова.
Мәжіліс депутаты, Қазақстан Халық партиясы фракциясының жетекшісі Магеррам Магеррамов жаңа Ата Заңның әлеуметтік мәніне назар аударды.




