2026 жылдың 15 наурызында Сәтбаев қаласында өтетін республикалық референдумды дайындау мен өткізуге құрамдары 197 мүшеден тұратын бір аумақтық және 28 учаскелік референдум комиссиясы қатысуда.
Референдум кезінде дауыс беруге 18 жасқа толған азаматтардан бастап дауыс беруге болады. Азаматтардың дауыс беруі үшін барлық жағдай жасалған.
Оның ішінде аса назар аударылатын мәселе - мүгедектігі бар тұлғалар үшін дауыс беретін пунктер кедергісіз болу керек.
Сонымен қатар, учаскелерді жабдықтау Орталық референдум комиссиясының арнайы қаулысымен бекітілген ержелерге сай жүргізіледі.
Референдум учаскелерінде дауыс беретін осы санаттағы адамдар үшін біздің міндетіміз -учаскелер орналасқан ғимараттарға ыңғайлы кіреберістерді, сондай-ақ жаяу жүргіншілер жолдарын және референдум учаскелерінің жанындағы арнайы тұрақ орындарын қамтамасыз ету.
Электораттық науқанды өткізу кезінде учаскелерді бірінші қабатта орналастыру, көтергіш құрылғылармен, пандустармен, тактильді бағыттағыштармен, кіреберістегі шақыру батырмаларымен және автокөліктерге арналған арнайы тұрақ орындарымен жабдықтау арқылы мүгедектігі бар адамдарды қажетті инфрақұрылыммен қамтамасыз ету бағытында біздің тарапымыздан жүйелі жұмыс жасалды.
Қала бойынша учаскелерде мүгедектігі бар адамдарға арналған бұрыштар тиісті жабдықтармен (лупалар, құлаққаптар,, өткізіліп жатқан референдум туралы ақпараттық материалдар,тірек-қимыл аппараты бұзылған азаматтардың қолжетімділігін ескере отырып жабдықталған дауыс беру кабиналары) қамтамасыз етілген.
Біздің қаламыздағы 28 учаскенің 26-ы бірінші қабатта, екі учаске Шынболат Ділдебаев атындағы ғимараттың 2-қабатында орналасқан. Сол себепті ол жерде арнайы көтергіш механизм жұмыс істейді.
Алдымыздағы референдумда дауыс беру учаскелерінде көру қабілеті бұзылған адамдарға арналған аудиоақпарат,есту қабілеті бұзылған адамдарға арналған сурдоаудармасы бар бейнематериалдар, кресло-арбамен жүретін азаматтар үшін бейімделіп орналастырылған ақпараттық материалдар түрінде қолжетімді форматта сүйемелденуде.
Бюллетеньге Брайль қарпімен трафареттер әзірленді және олар қаламыздағы барлық референдум учаскелерінде ұсынылатынын болады, бұл формат толықтай көрмейтін азаматтар мен нашар көретін дауыс берушілердің қажеттілігін қамтамасыз етеді, сондай-ақ әр дауыс беру учаскесінде міндетті түрде аудиобюллетень қолжетімді болады.
Сонымен қатар Конституция жобасы мәтінінің аудионұсқасы барлық референдум учаскелерінің компьютерінде орналастырылды.
Ал ақыл-ой қабілеті бұзылған мүгедектігі бар адамдар үшін – қарапайым тілмен түсінікті ақпараттар болады.
Дауыс беру барысында мүгедектігі бар азаматтар инватакси қыметіне және волонтерлар (еріктілер), әлеуметтік қызметкерлердің көмегіне жүгіне алады.
Бұл санаттағы азаматтар учаскелерде дауыс берумен қатар үйде де дауыс беру мүмкіндіктерін қолдана алады.
Жалпы мақсат мүгедектігі бар тұлғалардың мемлекеттің саяси өміріне араласуларына ықпал ететін шаралар қарастыру, қолжетімділік деңгейін жоғарылату болып табылады.
М.Есмурзаева,
Сәтбаев қаласының аумақтық
референдум комиссиясының хатшысы.




