«Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» жалпыұлттық коалициясының жұмысы жалғасуда. Коалиция мүшелерінің кездесуі Сәтбаев қаласының мемлекеттік архивінде өтті. Коалиция мүшелері жаңа Конституция жобасында қарастырылған негізгі өзгерістерге тоқталып, оның ел дамуы үшін маңызын кеңінен түсіндірді.




