Ел дамуының жаңа кезеңінде қоғам алдында тұрған маңызды міндеттердің бірі – алдағы референдумды кеңінен түсіндіру және оның мән-маңызын халыққа жеткізу. Осы бағытта ақсақалдармен кездесу ұйымдастырылып, ел болашағына қатысты өзекті мәселелер жан-жақты талқыланды.
Кездесу барысында референдумның мемлекет дамуына ықпалы, оның стратегиялық рөлі және азаматтардың саяси белсенділігін арттырудағы маңызы кеңінен түсіндірілді. Сонымен қатар, Жаңа Конституция жобасын түсіндіру жұмыстарының жүйелі түрде жалғасып жатқаны атап өтілді. Бұл – қоғамның құқықтық сауаттылығын арттыруға және саналы таңдау жасауына мүмкіндік беретін маңызды қадам.
Жиын барысында ақсақалдар ел бірлігі мен қоғамдық келісімді сақтау, ұлттық құндылықтарды дәріптеу, өскелең ұрпаққа өнегелі тәрбие беру мәселелеріне ерекше тоқталды. Олар өздерінің өмірлік тәжірибесіне сүйене отырып, референдумға қатысу – әр азаматтың ел алдындағы жауапкершілігі екенін атап өтті. Сондай-ақ, қоғамда татулық пен тұрақтылықты сақтау – дамудың басты кепілі екені айтылды.
Кездесу еркін пікір алмасу форматында өтіп, қатысушылар тарапынан айтылған ұсыныстар мен ой-пікірлер назарға алынды. Мұндай басқосулар халықпен ашық диалог орнатуға, маңызды шешімдерді бірлесе талқылауға және ортақ мүдде жолында бірігуге мүмкіндік береді.
Қорыта айтқанда, референдум – ел тағдырына бейжай қарамайтын әрбір азамат үшін маңызды саяси қадам. Бірлік пен жауапкершілік таныту арқылы ғана біз кемел келешекке нық қадам жасай аламыз.




