«Қазақстан Халық Банкі» АҚ-ның Ұлытау облыстық филиалында коалиция өкілдерімен кезекті кездесу ұйымдастырылды. Іс-шараның басты мақсаты – филиал қызметкерлеріне Конституцияға енгізілген жаңартулар мен толықтырулар жөнінде жан-жақты түсіндіру жұмыстарын жүргізу, сондай-ақ қоғамдағы саяси-құқықтық өзгерістердің маңызын кеңінен түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Кездесу барысында коалиция мүшелері ел дамуының жаңа кезеңіндегі конституциялық реформалардың рөліне тоқталып, олардың мемлекеттік басқару жүйесін жетілдірудегі, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғаудағы маңызын атап өтті. Сонымен қатар, заң үстемдігін қамтамасыз ету, әділетті қоғам қалыптастыру және азаматтық белсенділікті арттыру бағытындағы бастамалар кеңінен талқыланды.
Филиал қызметкерлері өз кезегінде көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, нақты жауаптар алды. Ашық форматта өткен жиын пікір алмасуға, ұсыныстар айтуға мүмкіндік берді. Бұл өзара түсіністік пен ынтымақтастықты нығайтуға септігін тигізді.
Мұндай кездесулер ұжым арасында құқықтық мәдениетті арттыруға, конституциялық өзгерістердің мәнін терең түсінуге және ел болашағына бейжай қарамайтын азаматтық ұстанымды қалыптастыруға бағытталған.
Ұлытау облыстық филиалында өткен бұл шара – қоғам мен қаржы саласы қызметкерлері арасындағы ашық диалогтың жарқын көрінісі болды. Алдағы уақытта да осындай түсіндіру жұмыстары тұрақты түрде жалғасатын болады.




