Астана қаласында Наурыз мейрамы аясында ұйымдастырылған іс-шаралар елімізде мерекені атап өтудің жаңа үлгісін көрсетті. Жасанды интеллект пен цифрлық технологияларды енгізу арқылы мереке мазмұны жаңартылып, кең аудиторияны қамтыды.
200-ден астам іс-шараға 400 мыңнан астам тұрғын мен қонақ қатысып, онлайн көрсетілімдер 1,5 миллионнан астам көрерменді жинады. Бұл көрсеткіштер Астананың мәдени өміріндегі маңызды оқиға екенін дәлелдейді.
70 цифрлық шешім мен 60 тақырыптық киіз үй келушілерге ерекше әсер сыйлады. Сонымен қатар, LED-экрандар мен көрнекі безендіру элементтері қалаға мерекелік келбет берді.
Концерттік бағдарламада 300 өнер иесі өнер көрсетіп, олардың қатарында Роза Рымбаева және Уркер бар.




