Соңғы уақытта қоғамда «Конституциядан “бостандық” ұғымы алынып тасталды» деген пікірлер айтылуда. Алайда бұл тұжырым шындыққа сәйкес келмейді. Керісінше, еліміздің Ата заңында адам құқықтары мен бостандықтары ең жоғары құндылық ретінде айқындалып, олардың мәртебесі бұрынғыдан да нығайтылған.
Конституцияның Преамбуласында және 1-бабында адам, оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары мемлекеттің ең қымбат қазынасы екені нақты көрсетілген. Бұл қағида Қазақстанның құқықтық, демократиялық және әлеуметтік мемлекет ретіндегі бағытын айқындайды.
Сонымен қатар, Конституцияда құқықтар мен бостандықтар бөлінбейтін және иеліктен шығарылмайтын деп танылған. Бұл дегеніміз – әрбір азаматтың негізгі құқықтары мемлекет тарапынан қорғалады және ешбір жағдайда шектен тыс шектелмеуі тиіс деген сөз.
Мәселе бойынша Аида Балаева – Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі басшысы өз жария мәлімдемесінде: «Адам және оның қадір-қасиеті – конституциялық модельдің өзегіне айналып отыр», – деп атап өтті. Бұл ұстаным конституциялық реформалардың басты бағыты адам мүддесін қорғау және оның құқықтық кепілдіктерін күшейту екенін айқын көрсетеді.
Осылайша, Конституциядан «бостандық» ұғымы алынып тасталды деген пікірлер негізсіз. Керісінше, Ата заңда адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау қағидалары нақтылап көрсетіліп, олардың маңызы бұрынғыдан да жоғары деңгейде бекітілген. Бұл – әділетті әрі құқықтық мемлекет құру жолындағы маңызды қадам.




