Алдағы референдум – мемлекеттің одан әрі дамуына қатысты маңызды шешімдерді жалпыхалықтық дауыс беру арқылы айқындауға бағытталған жауапты саяси науқан. Бұл – азаматтардың ел өміріндегі өзекті мәселелер бойынша еркін таңдау жасап, мемлекет болашағына тікелей ықпал етуіне мүмкіндік беретін демократиялық құрал.
Референдум аясында қабылданатын бастамалар басқару жүйесінің тиімділігін арттыруға, қоғамдық тұрақтылықты нығайтуға және әлеуметтік-экономикалық дамудың сапалы жаңа кезеңіне өтуге негіз болады деп күтілуде.
Жалпыхалықтық дауыс беру – қоғам мен мемлекет арасындағы сындарлы диалогтың көрінісі. Әрбір азаматтың дауысы елдің ұзақ мерзімді даму бағытын айқындауда маңызды рөл атқарады.
Осыған байланысты, барша азаматтарды алдағы референдумға белсенді қатысып, өз азаматтық ұстанымын білдіруге шақырамыз. Ел болашағы – ортақ жауапкершілік.




