Қазақстанда республикалық референдумның ашық әрі заң талаптарына сай өтуін қамтамасыз ету мақсатында байқаушыларды аккредиттеу жұмыстары жүргізілді.
Орталық референдум комиссиясының мәліметінше, бүгінгі таңда референдум учаскелерінде байқау жүргізу құқығына ие 256 ұйым аккредиттелген.
Олардың ішінде 11 ұйымды Орталық референдум комиссиясы, ал 245 ұйымды аумақтық референдум комиссиялары аккредиттеген.
Бұл ұйымдардың қатарында қоғамдық бірлестіктер мен коммерциялық емес ұйымдар бар. Олар дауыс беру учаскелерінде болып, референдум процесінің ашық әрі заң талаптарына сәйкес өтуін бақылауға мүмкіндік алады.
Мамандардың айтуынша, байқаушылардың қатысуы дауыс беру процесінің жариялылығы мен ашықтығын қамтамасыз етудің маңызды тетіктерінің бірі болып табылады.
Референдум учаскелерінде барлық қажетті ұйымдастырушылық жағдай жасалып, байқаушылардың өз қызметін толық атқаруына мүмкіндік берілетіні атап өтілді.




