Давоста өткен Бейбітшілік кеңесінің Жарғысына қол қою рәсімі барысында бірқатар бұқаралық ақпарат құралдары Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Америка Құрама Штаттарының Президенті Дональд Трамп арасындағы қысқаша әңгіме мазмұнына қатысты сауалдар жолдады.
Осыған байланысты Мемлекет басшысы Давос форумында таратылған «Президент Дональд Трамптың 365 күн ішіндегі 365 жеңісі» атты ресми құжатқа назар аударды. Аталған материалдың 177-тармағында Қазақстан Республикасының Ибраһим келісімдеріне қосылуы маңызды жетістік ретінде көрсетілгені атап өтілді.
Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев Америка Құрама Штаттарының Президентіне ақыл-парасатқа негізделген ішкі саясатты жүзеге асыруда табыс тіледі.
Өз кезегінде Дональд Трамп Бейбітшілік кеңесін құру жөніндегі бастамасына қолдау білдіргені үшін Қазақстан Президентіне алғыс айтты.




