Давоста өткен Бейбітшілік кеңесінің Жарғысына қол қою рәсімі кезінде Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен АҚШ Президенті Дональд Трамп қысқаша пікір алмасты. БАҚ өкілдері бұл әңгіменің мазмұнына қатысты сауалдар жолдаған болатын.
Қасым-Жомарт Тоқаев «Президент Дональд Трамптың 365 күн ішіндегі 365 жеңісі» атты ресми құжаттағы 177-тармаққа назар аударды: онда Қазақстанның Ибраһим келісімдеріне қосылуы жетістік ретінде көрсетілген. Сонымен қатар Мемлекет басшысы АҚШ көшбасшысына ақыл-парасатқа негізделген ішкі саясат жүргізу жолында табыс тіледі.
Дональд Трамп өз кезегінде Бейбітшілік кеңесін құру бастамасына қолдау көрсеткені үшін Қазақстан Президентіне алғыс айтты. Сарапшылар бұл қысқаша әңгіме екі ел арасындағы дипломатиялық сыйластықты және Қазақстанның халықаралық бейбітшілік бастамаларына қосқан үлесін тағы бір мәрте көрсетті.




