Давоста өткен Бейбітшілік кеңесінің Жарғысына қол қою рәсімінде бірқатар БАҚ өкілдері Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен АҚШ Президенті Дональд Трамп арасындағы қысқаша әңгіме мазмұнына қатысты сұрақ жолдады.
Мемлекет басшысы назар аударғандай, «Президент Дональд Трамптың 365 күн ішіндегі 365 жеңісі» атты ресми құжаттың 177-тармағында Қазақстанның Ибраһим келісімдеріне қосылуы маңызды жетістік ретінде көрсетілген. Сонымен қатар Президент АҚШ көшбасшысына ақыл-парасатқа негізделген ішкі саясатта табыс тіледі.




