-Ұлттың ұйысуы – одан әрі дамудың басты факторы. Қазір Қазақстан мүлдем жаңа дәуірге қадам басты. Соған сәйкес, қоғамдық өмірдің барлық саласы түбегейлі өзгеруде. Жаһанды тұрақсыздық жайлап, көптеген сын- қатер пайда болып жатқан кезде біз бағдарымызды бекемдеп, көзқарасымызды айқындай түсуіміз қажет. Бірлігіміз – әр алуандықта деген басты қағидамыз ешқашан өзгермейді. Сонымен қатар Мемлекет басшысы қоғамдағы бірлік пен келісімді көзіміздің қарашығындай сақтау керектігіне тоқталып өтті. «Орыс тілі БҰҰ-дағы ресми алты тілдің бірі. Сондықтан бұл мәселеге парасаттылықпен қарауымыз қажет. Еліміз өркениетті диалог пен өзара сыйластық мәдениетін дәріптеуі керек. Қазақстан халқы Ассамблеясының бұл саладағы рөлі айрықша. Біз отанымыз және барлық азаматымыз үшін жауапкершілікті сезінуіміз қажет»,– деп мәлімдеді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Осылайша, "Егемендігіміз бен тұтастығымыздың бұзылуына жол бермейміз. Қоғамдағы бірлік пен келісімді көздің қарашығындай сақтауымыз керек. Этносаралық және конфессияаралық қатынастың қаншалықты маңызды екенін барлық азаматымыз түсінуі қажет. Біз қашанда алауыздыққа қарсы тұра білген елміз. Тіліне, ұлтына, нәсіліне қарап, кемсітуге, біреудің намысына тиюге жол берілмейді!»,–деді Мемлекет басшысы.
Қазіргі таңда әлемде этникалық және діни қайшылықтар күшейіп келеді. Мұндай жағдайда Қазақстанның тәжірибесі халықаралық қауымдастық үшін үлгі бола алады. Елдегі этносаралық қатынастардың тұрақтылығы – мемлекеттік саясаттың жүйелі және теңгерімді жүргізілуінің нәтижесі.
Біз көп ұлтты елміз, бұл әлсіздік емес, күш-қуаттың белгісі. Әр ұлттың мәдениеті мен дәстүрі бір-бірін толықтырады. Осы қолда бар байлығымызды сақтай білсек, ешқандай ішкі де сыртқы да қауіп алмасы анық.
Жалпы қауіпсіздік мәдениеті отбасыдан басталады. Балаға өзге ұлтты құрметтеу, өзгеше ойлаған адамды тыңдау, бейбіт тіл табысу дағдыларын ерте жастан үйрету – елдің болашағы үшін маңызды. Бұл – экстремизм мен радикализмнің алдын алудың ең тиімді жолы.
Бүгінде Қазақстанда діни сенім еркіндігі, этностар теңдігі және азаматтық құқықтар толықтай заңмен қорғалған. Бұл нормалар тек Конституцияда емес, қоғам санасында да орныққан. Татулық пен сенім атмосферасы – мемлекеттің ең үлкен стратегиялық ресурсы.
Қазақстандағы татулық үлгісі кездейсоқ қалыптасқан жоқ. Ол ұзақ жылдар бойы жүйелі жұмыс пен парасатты саясаттың жемісі. Қоғамдағы келісімсіз ешқандай даму, ешқандай қауіпсіздік болмайды.
Бейбітшілік-бұл біздің ортақ міндетіміз. Әр адам күнделікті өмірінде сабыр мен сыйластықты ұстанса, бұл елдің қорғаныс қаблетінен кем емес күш береді. Ішкі бірлік – сыртқы қауіпке қарсы ең мықты қалқан болмақ.
Қазақстанның тұрақтылығы – тек заңмен емес, сана мен мәдениет арқылы қалыптасқан құндылық. Сондықтан қоғамдағы келісім мен өзара құрметті сақтау – әрбір азаматтың борышы әрі ел қауіпсіздігінің басты шарты болып қала береді.
Ләззат Жұманова,
«Қоғамдық келісім» КММ
ақпараттық- түсіндіру тобының мүшесі



