Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ Президенті Дональд Трамптың бастамасымен құрылған Бейбітшілік кеңесінің Жарғысына қол қойды.
Құжатқа қол қою рәсіміне Қазақстан Президентімен бірге әлемнің 18 елінен келген мемлекет басшылары мен ресми өкілдер қатысты. Бұл қадам халықаралық қауымдастықтың жаһандық қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз ету жолындағы өзара іс-қимылын күшейтуге бағытталған.
Аталған Кеңес бейбітшілікті нығайту, халықаралық шиеленістердің алдын алу және елдер арасындағы диалогты дамыту мақсатында құрылған. Ұйым қақтығыстарды саяси және дипломатиялық жолмен шешуге басымдық береді.
Қазақстанның Бейбітшілік кеңесінің құрылтай құжаттарына қосылуы елдің бейбіт бастамаларды қолдайтын және жаһандық келісімді нығайтуға бағытталған сыртқы саяси бағытын айқындай түседі.




