Давоста өткен халықаралық іс-шара барысында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ Президенті Дональд Трамптың бастамасымен құрылған Бейбітшілік кеңесінің Жарғысына қол қойды.
Аталған рәсімге Қазақстан Президентінен бөлек 18 елдің мемлекет басшылары мен ресми өкілдері қатысты. Бұл жаңа халықаралық құрылымның кең ауқымды қолдауға ие екенін көрсетеді.
Бейбітшілік кеңесі әлемдік қауіпсіздікті нығайтуға, халықаралық шиеленістерді алдын ала болжауға және оларды саяси-дипломатиялық жолмен реттеуге бағытталған. Кеңес көпжақты диалог пен сенім шараларын дамыту алаңы ретінде қарастырылады.
Қазақстанның Жарғыға қосылуы елдің халықаралық бейбітшілік бастамаларын тұрақты түрде қолдап келе жатқанын және жаһандық тұрақтылықты қамтамасыз етуге жауапты мемлекет ретінде ұстанымын тағы бір мәрте айқындай түсті.




