Давоста өткен Бейбітшілік кеңесінің Жарғысына қол қою рәсімінде Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен АҚШ Президенті Дональд Трамп қысқаша сөйлесті.
Қасым-Жомарт Тоқаев «Президент Дональд Трамптың 365 күн ішіндегі 365 жеңісі» атты ресми құжаттың 177-тармағында Қазақстанның Ибраһим келісімдеріне қосылғанын атап өтті. Сонымен қатар, Мемлекет басшысы АҚШ Президентіне ақыл-парасатқа негізделген ішкі саясатта табыс тіледі. Дональд Трамп Қасым-Жомарт Тоқаевқа Бейбітшілік кеңесін құру бастамасына қолдау көрсеткені үшін алғыс білдірді.




