Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және заңсыз қару айналымының алдын алу мақсатында облыс аумағында 2026 жылдың 9–12 қаңтары аралығында «Қару» жедел профилактикалық іс-шарасы ұйымдастырылады.
Аталған іс-шара барысында құқық қорғау органдары заңсыз сақталған атыс қаруын, оқ-дәрілер мен жарылғыш заттарды анықтау және тәркілеу бағытында жұмыстар жүргізеді. Сонымен қатар заңды түрде тіркелген қару иелеріне қаруды сақтау және пайдалану талаптары түсіндірілетін болады.
Қару сақтау тәртібін сақтау – заң талабы. Азаматтар қарудың оқталмаған күйде, металл сейфте, оқ-дәріден бөлек және бөгде адамдардың қолы жетпейтін жерде сақталуын қамтамасыз етуі тиіс.
Заң талаптарын сақтау – әр азаматтың жауапкершілігі. Әрбір дұрыс сақталған қару – бір адамның тағдыры мен қоғам қауіпсіздігінің кепілі. Құқық бұзушылықтардың алдын алу баршамыздың ортақ міндетіміз.




