«Заң және тәртіп» цифрлық сервисі – азаматтарға құқық бұзушылықтар туралы тез әрі ыңғайлы хабарлауға мүмкіндік беретін заманауи құрал. Бұл сервис смартфон арқылы қолжетімді және көп жағдайда күнделікті пайдаланатын мобильді қосымшалардың ішінде біріктірілген. Оны пайдалану үшін алдымен қосымшаға кіріп, жеке кабинетке авторизациядан өту қажет. Бұл өтініш берушінің деректерін растау және хабарламаның шынайылығын қамтамасыз ету үшін керек. Құқық бұзушылықты байқаған сәтте сервис мәзірінен тиісті бөлімді таңдап, жағдайдың түрін көрсетесіз. Мәтіндік сипаттама жазуға, фото немесе бейне материал тіркеуге болады. Бұл құқық қорғау органдарына оқиғаны нақтырақ түсінуге көмектеседі. Геолокация автоматты түрде анықталып, оқиғаның қай жерде болғаны белгіленеді. Өтініш жіберілгеннен кейін ол бірден тиісті құқық қорғау органына түседі. Азамат өтінішінің мәртебесін қосымша арқылы қадағалай алады: қабылданды ма, қаралу үстінде ме, әлде шешім шығарылды ма – бәрі ашық көрсетіледі. «Заң және тәртіп» сервисі уақытты үнемдеп қана қоймай, қоғамдағы қауіпсіздікті арттыруға, азаматтардың белсенділігін күшейтуге ықпал етеді. Бұл – әр адамға заңдылық пен тәртіпті сақтауға үлес қосуға берілген тиімді мүмкіндік.




